Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде өткен шығармашылық күнінде бастауыш сынып мұғалімі Маденова Э.К. 4-сынып оқушыларымен “Кітаптың орнын интернет алмастыра ала ма?” атты тақырыпта пікірталас өткізді - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде өткен шығармашылық күнінде бастауыш сынып мұғалімі Маденова Э.К. 4-сынып оқушыларымен “Кітаптың орнын интернет алмастыра ала ма?” атты тақырыпта пікірталас өткізді. Тақырыптың төңірегінде жақтаушы топ «Ұлытау» және даттаушы топ «Қыран» болып екіге бөлінді. Жақтаушы топтың белсенді мүшесі «Білім көзі – кітапта,интернет– бүкіләлемдік өрмек. Қазіргі кезде технологияның қарқынды дамуымен көп жастар өздеріне қажетті материалдарын интернеттен алып пайдалануда. Алайда интернет көзі кітапты алмастыра алмайды деп ойлаймын. Себебі, кітап рухани жан азығын іздеуші жандардың әрқашан серігі болып қала береді» - деп өз ойын білдірді. Ал даттаушы топтың белсендісі: «Ал мен интернетті қалаймын. Себебі, интернет қолжетімді. Себебі, интернеттен не керектің бәрін тауып алуға болады және уақытты үнемдейді. Сол үшін интернет дұрыс, деп санаймын» деп қарсы пікірін білдірді.
Екі жақтың пікірін тыңдаған көрермендер де, өз ойларын ортаға салды. Екі топқа бірдей баға бере отырып, ортақ шешіммен достық жеңгенін айтып өтті.