Кезекті I және II ауысымдағы бастауыш сыныптағы жиынымыздың тақырыбы: «7 сәуір-Бүкіләлемдік денсаулық күні», «7 апреля-Всемирный день здоровья». Мақсаты: Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.