№ 8 округ бойынша қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Жаппасова Гүлмира Алпысбайқызын қолдап, дауыс беруге шақырамыз❗️❗️❗️
Жаппасова Гүлмира Алпысбайқызы Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында 1976 жылы дүниеге келген.
1997 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Орыс тілі және әдебиет» мамандығын аяқтаған.
Еңбек жолын Сәтбаев қаласының №3 мектебінде бастаған.
2000-2001жж. – «Сәтбаев қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің бас маманы;
2001-2010жж. – «Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы» кешенінің директордың мәдени жұмысы жөніндегі орынбасары;
2010-2012жж. – Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., «Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдістемелік-библиографиялық бөлімнің жетекшісі;
2012 – 2022ж. «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ-нің директоры;
2022ж. - "The Ulytau Educational Foundation" қайырымдылық қоры» Қоғамдық қорының Жезқазған қаласындағы аймақтық өкілдіктің басшысы;
21.10.2022ж. – Ұлытау облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі;
Ұлытау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, штаттан тыс кеңесшісі. Тұрмыста үш қызы бар.