«МҰРАГЕР – 2023» І ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ🎤
Бүгін «Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде «Мұрагер-2023» шығармашылық байқауының «Вокал» жеке орындау және «Вокалдық ансамбль» жанры бойынша облыстық кезеңі өтті. Байқау шығармашыл оқушыларды қолдау, музыкалық шеберлікті арттыру және мәдени-рухани құныдылықтарды дәріптеуге бағытталған. Шараға жиылған көрермендер талантты балалардың әсем әуенін тыңдап, өнерлерін тамашалады. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, жеңімпаздар анықталып, жас өнерпаздар Ұлытау облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды 👏🏻🎖️