20.02.2023 жылы “Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен платформалар” атты тақырыпта әдістемелік сағат өтті. География пәні мұғалімі Сауленбекова Ж.С. «Must have интербелсенді тақтамен жұмыс жасау жолдары» атты тақырыпта өз озық тәжірбиесімен бөлісті. Оқытушылармен тапсырмалар орындады. Досанова И.Қ. «Сабақта қолданылатын интербелсенді әдіс-тәсілдер» атты тақырыпта өз ойымен бөлісті. Сабақ барысындағы тиімді тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларының оқуға деген қызығушылдықтарын ынталандыру құралы ретінде түрлі тәсілдерді тиімді пайдалану мұғалім шеберлігіне байланысты. Сондықтан да, оқу процесінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалык әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру өз бетінше білім алу дағдыларынын дамуына негіз салу болып табылады. Әдіс алмасу жоғары деңгейде өтті.