Бүгін 2"Б" сыныбында жаратылыстану пәнінен "Ауаның қандай қасиеттері бар?" тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар ауаның қасиеттері және оның адам өміріндегі маңызы жайлы жаңа біліммен танысып, тәжірибе жасау арқылы ауаның кейбір қасиеттеріне көз жеткізді. Сабақта мұғалім Досанова Ботагоз Жаппаровна әр түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақты өз дәрежесінде өткізді.Сабақ соңында оқушылар "Тik Tok"әдісі арқылы рефлексия ( кері байланыс)жасап, алған әсерлерімен бөлісті.