“АИТВ \ ЖИТС-тың қауіпті ауруы” - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

“АИТВ \ ЖИТС-тың қауіпті ауруы” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қауіпті ауру жайлы ақпараттар айтылып, алдын алу шаралары туралы мәлімет берілді.
ЖИТС — өлімге соқтыратын аса қатерлі вирустық дерт. ЖИТС-пен ауырған не вирусын тасымалдаушы шет ел азаматтары Республика аумағынан шығарылып жіберіледі, ал еліміздің азаматтары емделуге, кешендік тексерістерден өтуге міндетті.
Қорыта айтқанда, әдепті өмір сүріп, отбасы бірлігі берік болса, арақ-шарап ішіп, наша тартудан, кездейсоқ жыныстық жақындасудан аулақ болса, әрбір адам өзін-өзі ЖИТС-тен қорғай алады.
АИТВ статусын білу мақсатында сіздер мамандар тарапынан кеңес алып, тегін АИТВ-ға тексеріле аласыздар.