«Рухани жаңғыру-Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңі. Отан неден басталады?» - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Қараша айының 21 жұлдызында I және II ауысымдағы жиынымыздың тақырыбы: «Рухани жаңғыру-Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңі. Отан неден басталады?».
I ауысым жауаптылары: 8 «В»(қ.б), 8 «Б»(р.о).
II ауысым жауаптылары: 8 «Г»(қ.б)
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген осы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген,атап айтқанда:рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену.