«Менің мамандығым – менің болашағым» - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

17.11.22ж. Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, класификациялық белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру мақсатында мектеп педагог– психолог К.К. Нургалиеваның ұйымдастыруымен «Менің мамандығым – менің болашағым» атты тақырыпта 11 «А» сынып оқушыларымен тренинг өткізілді. Тренинг барысында мамандық таңдау-өте жауапкершілікті маңызды іс және мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керектігі туралы айтылды. Тренингте «Өмірімдегі бір күнім» , «Мамандық сыры», «Менің таңдауым осы», «Менің арманым....» т.б. жаттығулар жүргізілді. Сонымен «Ustaz Ulytau» аясында «Кәсіптік бағдар» жобасының жетекшісі Оразбекова Асем Сатыбалдиновна осы мамандық таңдау бойынша кеңестер берді. Оқушылар сұрақтар қойып, өздеріне тиісті жауаптарын алды. Осы тренингте оқушылардың көңіл- күйлері жағымды болды.