14.05.2022 күнi Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде халықаралық отбасы күніне арналған «Серiктес мектептермен ынтымақтастық қалыптастыру» тақырыбы аясында ашық есік күні өтті - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Іс-шараның мақсатына орай Сәтбаев қаласы «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ, Ж.Жабаев атындағы тірек мектеп (ресурс орталығы) КММ, Ұлытау ауданы Қарсақпай кенті, «Ұлытау ауданы №7 жалпы білім беретін мектебі» КММ және Педагогикалық трансформация орталығы «Ұлытау» бiлiм беру қорының «Ұстаз–Ұлытау» қайырымдылық қоры арасында ынтымақтастық келісім шартқа қол қойылды. Сондай-ақ осы іс-шараға "Табыс формуласы» бағдарламасы аясында Ұлытау ауданы білім бөлімінің №3 жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары да қатысты. Сонымен қатар қонақтарға мектеп миссиясы мен жетiстiктерi таныстырылды. Қонақтар отбасы күніне арнайы ұйымдастырылған «Бауырсақ–Рarty» мерекелік iс-шарасын тамашалап, арнайы жайылған дастархандағы дәмнен ауыз тиді. Одан әрі Абай мектебіне саяхат жасап, READx, «Өнерлі отбасы» байқауын қызықтап, өз пікірлерін білдірді. Іс-шара соңында келген қонақтар алдағы уақытта бiрлесе жұмыс жасап,тәжiрибе алмасатындарын тілге тиек ете келе, мектеп директоры Гүльмира Алпысбайқызына және ұстаздарға алғыстарын білдірді.