Абай атындағы №4 мектеп - лицейінде “ЖАС МАМАН-2022" атты жас мамандар байқауы өтті - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

"ЖАС МАМАН - 2022" байқауы - бұл жас педагогтердің кәсіби батылдығы мен дербестігін дамытуға, шығармашылық ізденісті жандандыруға және ынталандыруға, педагог кәсібінің беделін арттыруға арналған алаң. Байқау 3 шығармашылық кезең бойынша өткізілді: бейнесабақ, "Мектеп өмірінен бір күн" атты визит карточкасы және READx. Жас мамандар өздерінің талантты әрі шығармашыл тұлға екендерін көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша: Бас жүлде иегері:бастауыш пәні мұғалімі Қаржаубаева Аида Бақытжанқызы, І орын иегері математика пәні мұғалімі Арипбаева Ақерке Еркінқызы, ІІ орын иегері ағылшын пәні мұғалімі Мырзағали Нұрай Нурлановна, ІІІ орын иегері ағылшын пәні мұғалімі Махаш Айжан Құдайбергенқызы. Байқауға қатысушыларды құттықтай отырып, шығармашылықтарына табыс және кәсіби жеңістер тілейміз.