Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің Өзін-өзі басқару ұйымының дебат фракциясының ұйымдастыруымен экология апталығына орай эко-дебат өткізілді. Эко-дебаттың негізгі қарары Б.П. "Қазақстанның басқа мемлекеттерге қарағанда экологиялық мәселелері көп деп есептейді. Эко-дебат барысында Қазақстанның экологиясын жандандырып, көркейту үшін арнайы идеялар ұсынылды. Пікірталас барысында 6"А, 6"Б" сынып оқушылары өз ойларын ашық жеткізді. Эко-дебаттың қорытындысын әділ-қазы мүшелері шығарып, нәтижесінде екі топтың да идеялары жоғары деңгейде екенін айтты. Алдағы уақытта осы идеяларды жүзеге асыру барысында талмай еңбектену керек екенін түсіндірді.