«Эко Ring» - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

«Жасыл Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығы аясында 2-сыныптар арасында ұйымдастырылған «Эко Ring» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынның мақсаты: Оқушыларға табиғат туралы түсінік беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау, туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосу. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап бере отырып, өз білімдерін көрсетті. Ойын өте қызық, әрі тартысты болды. Ойын соңында оқушылар «Жас экологтар», «Табиғат жанашырлары», «Табиғат қорғаушылары», «Білімді экологтар», «Табиғат білгірлері», «Жанашыр экологтар» номинацияларымен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: Ашенова Г. У.
Қуанбекова Г. Ж.
Шайхыспар Ж.А.