“Абай атындағы № 4 мектеп - лицейі” КММ - нің әлеуметтік педагог А. Ж. Ашабекова және педагог - психолог: К. К. Нургалиеваның ұйымдастырумен оқушыларға есірткі мәселесі бойынша ақпараттылық деңгейін жоғарлату, психикалық белсенді заттарды қолдануға қарсы дағдыларын дамыту мақсатында «Есірткі табысты тұлғаға сай емес» атты тақырыбында 8 “Д”, “Г” сынып оқушыларымен треннинг жүргізілді. Тренинг барысында оқушыларға “ Амандасу” жаттығуы, бейнеролик, психологиялық ойындар, топтық шығармашылық жұмыстар болды. Осы тренингте оқушылар белсенділікпен қатысып, жағымды көңіл- күйде болды.