Мені қызықтырған әлем - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, жаратылыстану және география пәніне қызығушылықтарын арттыру, картамен жұмыс жасау, есте сақтау қабілеттерін шапшаңдылықпен, тапқырлықпен жылдам жауап беруіне дағдыландыру дағдысын дамыту мақсатында география пәні мұғалімі Ж.Сауленбекова «Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты тақырыпта өткен жаратылыстану сауаттылығының апталығында 6 сыныптар арасында «Мені қызықтырған әлем» атты интеллектуалды сайыс сабағын өткізді. Сабақ өте тартымды ,қызықты болды. Оқушылар өз білімдерін кеңейтіп жоғары нәтиже көрсетті.