Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

2022 жылдың 8 сәуірінде Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы Шабал Бейсенбековаға арналған дәстүрлі «ШАБАЛ БЕЙСЕНБЕКОВА ОҚУЫ-2022» педагогикалық байқауы өтті.  Білім беру үрдісіндегі цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері бағыты бойынша Сәтбаев қаласы «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна  қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!