"Абай атындағы #4 мектеп - лицейі" 2 "Д" сыныбында наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған "Қош келдің - Әз наурыз!" атты интеллектуалды сайыс сабағы өтті. Сабақтың басты мақсаты оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзілік халықтардың Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру.
Халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрыпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету .
Оқушылар сабаққа белсене қатыса алды. Сабақ соңында оқушылар мадақтау қағаздарымен марапатталды.