Ұлттық ойындар мен рекордтар күні - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

"Өзін-өзі басқару ұйымының" ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан іс-шараның бірі 17-наурыз "Ұлттық ойындар мен рекордтар күні". Бұл іс-шара оқушылар үшін тартысты,әрі көңілді өтті. Бастауыш сынып оқушылары мақал-мәтелдермен жарысса, жоғары сынып оқушылары арқан тартыс,бес тас және кір көтеруден өз бақтарын сынады. Ал қыздар арасында мектебіміздің "бұрымды қызы" анықталды .Жаңімпаздар марапатталды.