16 Наурыз - Қазақтың ұлттық биі күніне орай "Өзін -өзі басқару" ұйымының фракцияларының ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық билерінен флэшмоб өтті. Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады