Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.

Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.

Өтінішті egov.kz, e.bilimal.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:

1. Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3.«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

4. 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

5. 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.