"Кибербуллинг туралы әңгімелесейік" - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

"Абай атындағы № 4 мектеп - лицейі" КММ - нің әлеуметтік педагог А. Ж. Ашабекова және педагог - психолог: К. К. Нургалиеваның ұйымдастырумен жасөспірімдік кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту мақсатында "Кибербуллинг туралы әңгімелесейік" атты тақырыпта 6 "Е" сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Әңгіме барысында оқушыларға осы тақырып бойынша толық мағлұмат беріп және рөлдік ойындар ойнатылды. Оқушылар есейіп келе жатқандықтан және қазірден бастап-ақ өз мінез-құлықтарың қадағалап, басқарып отыруларың тиіс екенін, кез-келген зорлық-зомбылық түрінің, соның ішінде, буллинг пен кибербуллинг құрбаны болған адамдар әділ сот жүргізілуіне және құқық бұзушыны жауапқа тартуға құқылы, сіздер әрбір әрекеттерің үшін жауаптысыңдар. Ал сіздер жасөспірім болғандықтан, сіздер үшін ата-аналарың жауапты, ал аталмыш әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуға болатындығын ешқашан ұмытпау,әр істің салдары болатындығын түсіндірілді.