"Жүректен жүрекке" - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Абай атындағы № 4 мектеп-лицейінің 8"А" сынып оқушыларында 1-наурыз Алғыс айту күніне орай "Жүректен жүрекке" тақырыбы аясында  ашық тәрбие сағаты өткізілді. Өткізілген  ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты:
балаларды бір біріне алғыс айту арқылы сүйіспеншілікке, мейірімділікке, құрметтілікке, қамқорлыққа үйрету. Сондай-ақ тек бір біріне ғана емес жанындағы жақын жандарына да үнемі алғыс айтып жүру керек екенін дәріптеу. Сабақ барысында сынып жетекшісі А.Н. Ерсұлтановна балаларға түрлі сұрақтар қойып, алғыс айтып жүрудің өміріміздегі ең құнды іс екенін түсіндірді.