Оқушылар үш топқа бөлініп «Қошқар мен теке», «Каспий итбалығы», «Аяз бен қоян» ертегілерін құрастырды - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

«Балалар шаттығы – әлем бақыты» апталығы аясында кітапханашы Еркинбаева Ш.Б. 4 «Б» сынып оқушыларымен «3D ертегі құрастыру» практикалық жұмысын жүргізді. Оқушылар үш топқа бөлініп «Қошқар мен теке», «Каспий итбалығы», «Аяз бен қоян» ертегілерін құрастырды.
Мақсаты: Оқушыларға ертегідегі мәтінді түсіндіре отырып, өз беттерімен ертегі бойынша жоспар құруға үйрету, сөйлеу дағдысын қалыптастыру, есте сақтау қабілетін жақсарту, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.