“Балалар шаттығы - әлем бақыты” - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

“Балалар шаттығы - әлем бақыты” психологиялық сүйемелдеу апталық аясында мектеп педагог - психолог: К.К. Нургалиева, әлеуметтік педагог: А.Ж. Ашабекованың ұйымдастырумен жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл - күйлерін көтеру мақсатында “Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман” атты тақырыбында жас мамандарымен семинар - треинг өткізілді. Семинар - тренинг барысында “Амандасу” жаттығуы, “Мен және менің қатынасым” әдістемесі, жағдаяттарды шешу және рөлдік түрде ойнау, арт - терапия, “Тілек” ағашы рефлекциясы болды. Жас мамандар осы тренингте белсене қатысып, өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, көңіл - күйлері жағымды күйде болды.