📣Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде дене шынықтыру апталығы аясында 1-сынып оқушылары мен ата-аналары арасында ⛷ «Мен және менің спорттық жанұям» ⛸🏂 атты қысқы ойындар сайысы өткізілді.
🎯Дәстүрге айналған сайыс салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, оқушылардың қысқы спорт түрлеріне қызығушылықтарын арттыру, мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар арасындағы өзара ынтымақтастықты, татулықты нығайту, береке-бірлікті арттыруды көздеді.
Әр сыныптан 1 ата-ана және 1 оқушыдан қатыстырылған қысқы ойындар сайысы өте қызықты әрі тартысты өрбіді.
📣Сайыс нәтижесі бойынша
🏆Бас жүлдені 1”Б” сыныбы👏
🥇 орынды 1”А” сыныбы👏
🥈орынды 1”В” сыныбы👏
🥉 орынды 1 “Б” (рус) сыныбы иеленді.
🤝👍Сайысқа қатысушылар, жанкүйерлер, оқушылар жаурап қалмас үшін мектеп ауласында шоқ самаурын қайнатылып, ыстық шай☕ мен ыстық бауырсақ🥖 ұйымдастырылды.
Осындай қызықты әрі көңілді өрбіген сайысқа бір кісідей атсалысып, қолдау көрсеткені үшін 1-сынып жетекшілеріне, дене шынықтыру бірлестігінің ұстаздарына және қатысушы ата-аналар мен жанкүйерлерге үлкен алғыс білдіреміз.👏👏👏👏👏