17.02.2022ж. ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық арнаның тілшісі Жайна Сламбекке берген сұхбатын ерекше ықыласпен тыңдадым. Жайна Сламбек қаңтардағы оқиға әлеуметтік желіде қозғалып жатқан мәселелерді қозғай білді. Сұрақтарға жауап беруде мемлекет басшысының нағыз саясаткер дипломат екені көрінді. Жаңа Қазақстанды жасау бүкіл Қазақстан халқының қатысуымен өтетініне ерекше мән берді. Еліміздің байлығының азшылықтың қолында болғанын мойындай отырып, сол олигополиямен,монополиямен күресте жеңіске ғана барлық халықтың әл-ауқатын жақсартуға болатынын мәлімдеді. Әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан сұрақтар, тергеу ісінде болып жатқан құқықбұзушылықтар жөнінде де білетінін, ол туралы арнайы тапсырма беріліп, білікті заңгерлер құрамында бар "Аманат" тексеру тобы құрылғаны туралы да мәлімдеді.
ҚР тұңғыш Президенті, елбасы туралы сұрақтар да жауапсыз қалмады. Бұл кезде Қасым-Жомарт Кемелұлының нағыз демократ екені байқалды. Президент елбасының тәуелсіз Қазақстанды құру кезіндегі игілікті, қажырлы еңбектеріне тоқталып,, әр адамның жасаған нақты маңызды істерін бағалау қажеттілігін атап өтті. Барлық сұрақтарға салиқалы жауап берді.
Білікті де білгір басшының Жаңа Қазақстанды құру жолындағы мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға барлық қазақстандықтар үлес қосады деп сенемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілеймін!
"Абай атындағы 4 мектеп-лицейі" КММ-нің тарих пәні мұғалімі Құрманбаева А.С.