«Өзіңе сен! Сен ҰБТ – да жеңіске жетесің!» - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

“Абай атындағы N4 мектеп-лицейі” КММ - нің әлеуметтік - психологиялық сүйемелдеу аясында Ж. А. Ашабекова, К.К. Нургалиеваның ұйымдастырумен ҰБТ – ға әзірлік уақытында түлектердің өздерін ұстау әдіс – тәсілдерін ұйымдастыру, өздік бақылауды , өз – өздеріне сенімділікті арттыру, жүктемені көтере білуге машықтандыру мақсатында «Өзіңе сен! Сен ҰБТ – да жеңіске жетесің!» атты тақырыбында 11- сынып оқушылармен тренинг өткізілді. Тренинг барысынды психологиялық жаттығулар арқылы оқушылардың көңіл - күйін көтеріп, ҰБТ жақындағанда әрқайсымызда тебіреніс, қобалжу, қорқыныш сезімдерін жеңу туралы кеңестер берілді. Тренингте оқушылар өздерінің көзқарастарын білдіріп, көңіл – күйлері жағымды болды.