“Абай атындағы N4 мектеп-лицейі” КММ - нің әлеуметтік - психологиялық сүйемелдеу қызметкерлері : Ж. А. Ашабекова, К.К. Нургалиеваның ұйымдастырумен әкелер отырыс аясында әкелерімен бірлесе отырып, әкенің отбасындағы тәрбие өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата - ана байланысын ынтымақтастыру өзара серіктестік орнату, баланың оқуға - тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру мақсатында “ Жақсы әкесіз жақсы тәрбие болмайды” тақырыбында әкелермен семинар - тренинг өткізді. Семинар - тренинг барысында “Жіп орамасы” жаттығуы, “ Кактус” графикалық әдістемесі, “ Кедергілерден өту”ойыны және “ Әке бір сағатынды маған арнашы” бейнебаян көрсетілді. Әкелер семинар - тренингте белсенділікпен қатысып, өз ойларын, көзқарастарын еркін білдіртіп, көңіл күйлері өте жағымды күйде болды.
Іс - шараға қатысқан барлық әкелерге алғыс айтамыз.
“Әке- жағымды тәртіптің үлгісі, әке-ол баланың қорғаны, әке ол-дос, әке ол- мұғалім, кез- келген заттан ешкім жасай алмайтын нәрсені ойлап тауып беретін жан» екенін естен шығармайық!