Құқықтық навигатор - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Мектебімізде “Құқықтық навигатор” құқықтық сауаттылық апталығы және “Өнегелі өмір” жобасы аясында “ Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады” атты кездесу өтті.
9-сынып оқушылары Сәтбаев қаласы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Абишев Алдияр Жомартұлымен жүздесті.
Алдияр Жомартұлы оқушылармен өзінің жетістік формуласымен бөлісті.
Оқушылар қонағымызбен еңбек жолы, балалық шағы, өмірлік ұстанымы туралы ашық сұхбаттасты.
Кездесу құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі жағдаяттарды талқылаумен аяқталды.
#ҚОББТӘРБИЕ
#сәтбаевбілімбөлімі
@umckrg @satpaev_goroo @policesatpaev