Аяулы да алтын ұстазымыз Айжан Серікбайқызы, әрқашан біздің жүрегіміздесіз! - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Аяулы да алтын ұстазымыз Айжан Серікбайқызы, әрқашан біздің жүрегіміздесіз! "Ауырып қалды" деген хабарды естіп, жанымыз құлазып, Алладан тек сіздің халіңіздің жақсы болғанын тіледік. Алтын ұстазымыз өмірден өтті деген қайғылы хабарды естіп қабырғамыз қайысты. Шәкірт тәрбиелеуге сіңірген өнегелі еңбегіңіз біздің өмірімізде алар орны ерекше. Сіздей мейірімді, алтын ұстаз бізге тәлім-тәрбие,сарқылмас білім бергеніне шүкір! Біз үшін орныңыз ойсырап қалатын болды! Тек сізден адалдықты, мейірімділікті, қайсарлықты үйрендік! Бақұл болыңыз, алтын ұстаз! Мәңгілік мекеніңіз жұмақта болғай! Сағынышпен 2006 жылғы 9 "В" сыныбының түлектері.