Аяулы ана, асыл ұстаз, мейірім мен сүйіспеншілікке толы жүрегіңізден үнемі нұр шашылып тұратын. Бізге деген махаббатыңыздың дәмін енді ғана бағалап жатқандаймыз - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Аяулы ана, асыл ұстаз, мейірім мен сүйіспеншілікке толы жүрегіңізден үнемі нұр шашылып тұратын. Бізге деген махаббатыңыздың дәмін енді ғана бағалап жатқандаймыз. Қанаттыға қақтырмаған, тұмсықтыға шоқтырмаған сіздей жан бұл әлемде өзіңіз ғана. "Алтын сыныбым" деп мақтайтын біздерді алтын еткен тек өзіңізсіз. Сүйікті ұстаз, мәпелеген ұстаз, аялаған ұстаз, бүгін дауысыңызды естуге зар болып отырмыз. Іздеген сәтте жанымыздан табылатын жан бүгінгі күні өз балаларын жетім қозыдай тастады да кетті. Сіздей асыл адамның жоқтығы жанымызды ауыртып барады. Алдымызға қанша ұстаз келсін, ең қымбаты әрі ең бағалысы бір өзіңізсіз. Ренжіткен болсақ, өкпелеткен болсақ, кешіруіңізді сұраймыз мұғалім. Сізбен өткен 5 жыл уақыт өміріміздің ең қымбат ажырамас бөлігі екендігін білдірсек дейміз. Арамыздан кеткен болсаңыз да, жүрегімізде мәңгі қалмақсыз. Аяулы да ардақты атқа лайық жан кім десе, ол — сіз. Алған асуларымыз бен белестерімізді көріп тұратыныңызды білеміз, ұстаз. Атыңызға кір келтірмеуге уәде етеміз, ұстаз. Еңбегіңіздің зая еместігін дәлелдейміз, ұстаз. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын!