«Арайлы, алтын күз»күзгі бал кеші өткізілді - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай әр жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналған «Алтын күз» күзгі бал кеші өткізілді. 
Күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізе отырып, өздеріне ерік беріп, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа, достыққа, жауапкершілікке баулу мақсатында ұйымдастырылған кеш  жоғарғы деңгейде өтті. Аталмыш іс-шарада 9-11 сынып оқушылары қамтылып, әр сыныптан бір жұп күз ханзадалары мен ханшайымдары қатысты. Сайыс кезеңдері 4 кезеңнен қамтылып, 7 жұп қатысты. Әділқазы алқасының шешімімен жүлделі 3-орынды 9 "Д" сыныбы, 2-орынды 9 "Б" сыныбы, 1-орынды 9 "А" сыныбы иеленсе, бас жүлдені 10 "Б" сынып оқушылары жеңіп алып, қалалық  байқауға жолдама алды. Мектеп әкімшілігі оқушыларды қолдап,  байқауға төрелік  етіп,  жеңімпаздарға демеушілік  жасаған  "Бота"  сән үйінің иесі @botik_91 Мұратбекова  Ботагөз Жұматайқызына,   "Tagon Jack" барбершоптың негізін қалаушы @tagon.barber Жакупов Табиғи Мұхитұлына,  визажист @manikur_makeup_satpaev   Қуанышова Мөлдір Қуанышқызына алғыс білдіреді.
Байқауға қатысып, белсенділік танытқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз. Марапаттарыңыз құтты болсын.