Қазақстан Республикасының Заңнамаларында балаларды қорғау аясындағы халықаралық құжаттарға сәйкес мынандай ұғым енгізілген: ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар (тұлғалар) және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктері ескеріле отырып сапалы білім алудағы тең құқығы.
Осы ұғымды ескере отырып, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Туған елге тағзым» жобасы аясында «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ ұжымы көп балалы отбасында тәрбиеленетін және ерекше білімді қажет ететін, аз қамтылған отбасында шыққан тұлғалармен «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне саяхат жасады. Оқушылар Алтын Орда дәуірінен сыр шертетін кешеннің экспозициялар мен де монстрацияларға арналған арнайы залдарын аралап, Жошы ханның ескерткішін, жорық шатырын, құнды жәдігерлерді тамашалап, рухани азық жинап, керемет әсер алып қайтты. Осындай игі шараға қолдау көрсетіп, оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жергілікті полиция бөлімінің басшысы Ж.Қ. Қарабеков мырзаға алғыс білдіреміз!