«Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» атты спорттық эстафета өтті - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

27.11.2021 мектебімізде 1 желтоқсанда аталып өтетін Дүниежүзілік АИТВ-инфекциясына және ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» атты спорттық эстафета өтті. Эстафеталық ойындарға 7-сынып оқушылары қатысты. Бұл жарыс спортты жанына серік ету арқылы дені сау ұрпақ ретінде қалыптастырып қана қоймай, тәрбиелі әрі саналы жастардың қатарын арттыруға септігін тигізеді. Қызықты тартыста III орынды - 7А сыныбы о/б, II орынды - 7 Д сыныбы қ/б және жүлделі I орынды 7 Б о/б сыныбы иеленді.