Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының бастамасымен 2021 жылдың 6-11 желтоқсан аралығында Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде «Тарих толқынында» тарихи функционалдық сауаттылық апталығы өтеді.
Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру арқылы оқушылардың тарихи мәдениетін,патриоттық тәрбие дағдыларын қалыптастыру.
Тарихи сауаттылық апталығының аясында салтанатты жиын,Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған сынып сағаттары, «Тарих шежіресі», «Ұлытау-ұлт ұясы» танымдық интеллектуалдық ойындар, шығармашылық жұмыстар ,тарихи тұлғалар және олардың Тәуелсіздіктің қалыптасуындағы рөлі атты пікір сайыс, «Тарихи тұлға» презентация сайысы, «Ұлы тұлға» атты дөңгелек үстел өткізіледі.
Сонымен қатар оқушылыр жоба қорғайды, викториналар, пікірталастар, әдістемелік сабақтар болады. «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» тақырыбында ТЕД-х, «Мен-патриотпын» үгіт-насихат сайысы ұйымдастырылады. Апта соңында салтанатты жиында тарихи апталыққа белсене қатысқан оқушылар марапатталады.