Тарих толқынында - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

#Тарих_толқынында
Қарағанды  облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының бастамасымен 2021 жылдың 6-11 желтоқсан аралығында  Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде «Тарих толқынында» тарихи функционалдық сауаттылық апталығы өтеді.
📌Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру арқылы оқушылардың тарихи мәдениетін,патриоттық тәрбие дағдыларын қалыптастыру.
📌Тарихи сауаттылық апталығының аясында салтанатты жиын,Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған сынып сағаттары, «Тарих  шежіресі», «Ұлытау-ұлт ұясы» танымдық  интеллектуалдық ойындар, шығармашылық жұмыстар ,тарихи тұлғалар және олардың Тәуелсіздіктің қалыптасуындағы рөлі атты пікір сайыс, «Тарихи тұлға» презентация сайысы, «Ұлы тұлға» атты дөңгелек үстел өткізіледі.
📌Сонымен қатар оқушылыр жоба қорғайды, викториналар, пікірталастар, әдістемелік сабақтар болады. «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» тақырыбында ТЕД-х, «Мен-патриотпын» үгіт-насихат сайысы ұйымдастырылады. Апта соңында салтанатты жиында тарихи апталыққа белсене қатысқан  оқушылар марапатталады.