Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық айлық аясында 8а,8д,10б сынып оқушылары арасында "Тәртіп — тәрбиенің бастауы, тәртіпсіздік — тәрбиенің қас жауы" атты бейнероликтер шеруі өтті. Бейнероликтер арқылы оқушылар қоғамдық орындарда, мектепте, үйде өзін-өзі ұстау ережелеріне басты назар аудару керектігін атап көрсетті.