«Арайлы, алтын күз» - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай әр жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналған «Алтын күз» күзгі бал кеші өткізілді. 
Күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізе отырып, өздеріне ерік беріп, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа, достыққа, жауапкершілікке баулу мақсатында ұйымдастырылған кеш  жоғарғы деңгейде өтті. Аталмыш іс-шарада 9-11 сынып оқушылары қамтылып, әр сыныптан бір жұп күз ханзадалары мен ханшайымдары қатысты. Сайыс кезеңдері 4 кезеңнен қамтылып, 7 жұп қатысты. Әділқазы алқасының шешімімен жүлделі 3-орынды 9 "Д" сыныбы, 2-орынды 9 "Б" сыныбы, 1-орынды 9 "А" сыныбы иеленсе, бас жүлдені 10 "Б" сынып оқушылары жеңіп алып, қалалық  байқауға жолдама алды. Мектеп әкімшілігі оқушыларды қолдап,  байқауға төрелік  етіп,  жеңімпаздарға демеушілік  жасаған  "Бота"  сән үйінің иесі  Мұратбекова  Ботагөз Жұматайқызына,   "Tagon Jack" барбершоптың негізін қалаушы  Жакупов Табиғи Мұхитұлына,  визажист  Қуанышова Мөлдір Қуанышқызына алғыс білдіреді.
Байқауға қатысып, белсенділік танытқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз. Марапаттарыңыз құтты болсын.