Тарих тағылымы—қасиетті құндылық
Туған жердің тарихын білу, оны жас ұрпақтың санасына сіңіру кез келген ұстаздың басты мақсаты екені даусыз. Аталған мақсатта Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы негізінде "Туған елге тағзым" жобасы аясында "Абай атындағы №4 мектеп-лицейі" КММ ұжымы мен оқушылары "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне саяхат жасады. Ұстаздар мен оқушылар Алтын Орда дәуірінен сыр шертетін кешеннің экспозициялар мен демонстрацияларға арналған арнайы залдарын аралап, Жошы ханның ескерткішін, жорық шатырын, құнды жәдігерлерді тамашалап, рухани азық жинап, керемет әсер алып қайтты.
Осындай игі шараға қолдау көрсетіп, оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жергілікті полиция бөлімінің басшысы Ж.Қ.Қарабеков мырзаға алғыс білдіреміз.