«Қазіргі қыздар қандай болуы керек?» - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Қыз баланың жаны нәзік, жүрегі мейірімге толы болуы бойындағы ең асыл қасиеттердің жоғары екендігінің көрінісі. 08.01.2021 күні білім ордамызда мектеп психологы Карабекова Дана Ерманкызының ұйымдастыруымен 10-сынып қыздарының арасында «Қазіргі қыздар қандай болуы керек?» тақырыбы аясында психологпен сырласу кеші өтті. Қыз бала бойындағы нәзіктік пен тазалық, инабаттылық пен ибалылық, қазіргі қыздардың жан-жақты болып қоғаммен бірге дамуы турасында психологиялық бағыт-бағдар ұсынылды. Семинар барысында қыздар өз ойларын айтып, пікірлерімен бөлісті.