Аяз Ата мен Ақшақар - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ жаңа жыл мерекесін қарсы алу аясында қашықтан өткен қала әкімінің шыршасына мектебімізден 8 оқушы қатысты. Олардың арасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары, жетістіктерге қол жеткізген дарынды оқушылар бар. Бұл оқушыларға қала әкімі Ыдырысов Асқар Абылайұлының атынан жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, балаларға сыйлықтарын Аяз Ата мен Ақшақар табыс етті. Балалардың ата-аналары қала әкіміне және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.